«МҰЗБАЛАҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА – 94 ЖЫЛ»

Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын және ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларын таныстыру, поэзия құдіретін таныту, және ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында 18 ақпан күні Ж.А.Тәшенев университетінің Гагарина 22а ғимаратындағы  Ақпараттық білім беру орталығының  оқу залында жоғары білікті кітапханашы Ұ.Алтынбектің басқаруымен «Өнер және спорт»  пен «Педагогика және жаратылыстану» факультетінің  ЕП24-7к, ЕП-10к ,  Пик24-3к  оқу топтарының білім алушыларымен бірлесе ұйымдастырылған “МҰЗБАЛАҚ  АҚЫН  МҰҚАҒАЛИ  МАҚАТАЕВҚА – 94 ЖЫЛ”  тақырыбында әдеби-сазды танымдық іс-шарасы өткізілді. «Саз және ән» мен «Химия және биология» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары өткізген кеш өте әсерлі де танымды өтті. Бұл іс-шара білім алушыларға рухани-адамгершілік тұрғысынан байып, поэзия сүйер жастардың шығармашылқпен айналысуына шабыт сыйлай білді деген сенімдеміз.

Оқиға категориялары