РЕФЕРЕНДУМ-2026: ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
background

РЕФЕРЕНДУМ-2026: ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026-03-03

Mediathek / News / РЕФЕРЕНДУМ-2026: ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

РЕФЕРЕНДУМ-2026: ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласындағы Ж. Тәшенев атындағы университетте «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалиция мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Басқосу оқытушылар мен студенттерге Жаңа Конституция жобасын таныстырып, алдағы референдумның маңызын кеңінен түсіндіруге арналды.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Қазақстан Халық партиясы қалалық филиалының төрағасы Бақтияр Жандарбеков, «Ауыл» партиясы қалалық филиалының төрағасы Ғани Қарабеков, «Республика» партиясы қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Меделханұлы, «Ақжол» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Адай Шуханов, «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Наргиза Керимбаева және мәслихат депутаты Бақытжан Позилов қатысты.
Жиын барысында коалиция мүшелері Конституция жобасында қарастырылған өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, заң үстемдігін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Спикерлердің айтуынша, референдум – халықтың еркін білдірудің маңызды құралы. Сондықтан жастар мен білім саласы өкілдерінің белсенділігі айрықша маңызға ие. Әсіресе, болашақ мамандардың ел тағдырына қатысты шешімдерге саналы көзқараспен қарауы – қоғам дамуының кепілі.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Университет оқытушылары мен студенттері өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушылар ұсынылған өзгерістердің мазмұнына қатысты жан-жақты ақпарат алып, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырылды.