Университеттің сыртқы аудиті
2025-12-15
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте 2025 жылдың 07-12 желтоқсан аралығында Түркиялық «IQNORM» халықаралық сертификаттау және бағалау қызметтері сауда акционерлік қоғамының өкілі, халықаралық аудитор Ариф Ганидің қатысуымен сыртқы аудит өтті.
Аудиттің барысы:
1. Алғашқы екі күн:
• Университеттің сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сәйкестігін бағалау
• Құрылымдық бөлімшелер мен факультеттердің қызметін тексеру жұмыстары жүргізілді.
2. Соңғы екі күн:
• Құрылымдық бөлімшелер, факультеттер мен кафедралардың сапа бойынша жауапты тұлғаларына оқыту семинары өткізілді және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды
Аудит нәтижелері:
• Университеттің сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандарт талаптарына толық сәйкес келеді;
• барлық бөлімдер нақты жауап берді және аудитор жоғары деңгейде бағалады;
Ұсыныстар:
• Сапа менеджменті бойынша Университеттің бекітілген ішкі құжатталған процедурасын жаңарту ҚП -05-24;
• Университеттің Риск картасын жасау;
Қорытынды:
Сыртқы аудит жоғары кәсіби деңгейде өткізілді, оның нәтижесі Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің басқару жүйесінің тиімділігі мен білім беру қызметтерінің сапасының халықаралық деңгейде екенін растайды. Аудит қорытындысы бойынша университетке ISO 9001:2015 халықаралық сертификаты берілді.



