«15 қараша – Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект, цифрлық экономика және цифрлық тенге» тақырыбында өткізілген апталық іс-шара
2025-11-19
Mediathek / News / «15 қараша – Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект, цифрлық экономика және цифрлық тенге» тақырыбында өткізілген апталық іс-шара
Ұлттық валютамыз - теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін ерекше атқарады, ұлттық валюта барша мемлекеттер мен халықтар үшін өте ыңғайлы және экономикалық негізі бар қаржы құралы. Теңге - бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны болып табылады. Осыған орай 2025 жылдың 12 мен 17 қараша аралығында «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «15 қараша – Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект, цифрлық экономика және цифрлық тенге» атты тақырыбында апталық іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараға 6В04103 – «Экономика», 6В04101 – «Есеп және аудит», 6В04102 – «Қаржы», 6В04105 – «Мемлекеттік жергілікті басқару», 7М04101 – «Экономика», 7М04105 – «Мемлекеттік жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша студенттері мен магистранттары, «Экономика және құқық» факультетінің деканы, «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі және профессорлық-оқытушылар құрамы мен жұмыс берушілер қатысты. Іс-шара барысында оқу ордамыздың бітіруші түлектерін жұмыспен қамтамассыз етуші жұмыс берушілер «Alatau Сity Bank» бас мамандарымен - Расул Сымбат Мусағалиқызы, Өтетілеу Мөлдір Ғабитқызы, Сатыбалды Дания Даниярқызы ««Alatau Сity Bank» өнімдермен ұсынатын қызметтері»» атты семинар өткізілді. Цифрлық теңге қолма - қол және қолма-қолсыз ақшалардың орнын ауыстыруға бағытталмаған, ол қолданыста қатар жүре береді. Цифрлық теңге қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырады, инновациялық қаржы өнімдерін жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін еселейді, сондай-ақ трансшекаралық төлемдерде шығынды азайтады. Осыған орай .“Жасанды интеллект - Цифрлық валюта” атты тақырыбында креативтік дөңгелек үстел өткіздік, студенттер мен магистранттар баяндамаларын ұсынды:
1. 6В04103 - «Экономика» блім беру бағдарламасының 1 курс студенті қазақ тобы ИЭ-25-1к – Жаңашева Айша – «Цифрлық кеңестіктегі электрондық төлем жүйелері және оларды қаупсіздігін арттыру жолдары» тақырыбында баяндамасын ұсынды, ғылыми жетекші – Темирова Жаннат Жамбуловна.
2. 6В04101 - «Есеп және аудит» блім беру бағдарламасының 1 курс студенті қазақ тобы ИЭ-25-2к – БайболАида, Үшкемпір Асылай – «Ұлттық валюта – ел тәуелсіздігінің символы тақырыбында баяндамасын ұсынды, ғылыми жетекшісі – Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна.
3. 6В04101 - «Есеп және аудит» блім беру бағдарламасының 1 курс студенті орыс тобы ИЭ-25-2р – Мырсағатов Нурсултан – «Национальная валюта» тақырыбында Наурызбекова Альмара Еркиновна.
4. 6В04101 - «Есеп және аудит» блім беру бағдарламасының 1 курс студенті орыс тобы ИЭ-25-2р – Мырсағатов Нурсултан – «Национальная валюта» тақырыбында Наурызбекова Альмара Еркиновна
5. 6В04102 - «Қаржы» блім беру бағдарламасының 1 курс студенті қазақ тобы ИЭ-25-3к Каусар Жаппарова – «Ұлттық валюта - төл теңге» тақырыбында Сапарбаева Эльмира Абтихаймовна.
6. 6В04105 - «Мемлекеттік жергілікті басқару» блім беру бағдарламасының 1 курс студенті қазақ тобы ИЭ-25-4к Рысбек Гульсезім – «Қазақстан тенгесі» тақырыбында Оразова Бибигуль Балтабаевна.
7. 7М04101 - «Экономика» блім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары МИЭ-25-1к – Давлетов Бағлан Сарсенбаевич – «Ұлттық валюта тарихын ғылыми-зерттеу әдістерін пайдалану және дамыту» тақырыбында баяндамасын ұсынды, ғылыми жетекші – Туралина Светлана Мерекеевна.
8. 7М04105 – «Мемлекеттік жергілікті басқару» 1 курс магистранттары МИЭ-25-1к – Әділханов Саят Ренатұлы – «Ұлттық валюта-қорғаныс элементтерін зерттеу объектісі ретінде» тақырыбында баяндамасын ұсынды, ғылыми жетекші – Бакиров Ержан Амангельдыұлы.
14 қарашада іс-шараның жабу салтанаты болды және қатысқан студенттерді, ғылыми жетекшілерді және жұмыс берушілерді дипломдармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
17 қараша күні барлық іс-шараға белсенді қатысқаны үшін студенттер мен магистранттарды алғыс хаттармен және кубокпен «Ең үздік қабырға газеті»- ИЭФ-25-2р тобын, «Ең үздік креативтік команда» - ИЭФ-25-1к тобын, «Ең үздік баяндама» - ИЭФ-25-2к тобтары номинациялар бойынша марапатталды. Білім алушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!








