«15 қараша – Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект, цифрлық экономика және цифрлық тенге» тақырыбында өткізілген апталық іс-шара
background

«15 қараша – Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект, цифрлық экономика және цифрлық тенге» тақырыбында өткізілген апталық іс-шара

2025-11-19

Медиатека / Новости / «15 қараша – Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект, цифрлық экономика және цифрлық тенге» тақырыбында өткізілген апталық іс-шара

Ұлттық валютамыз - теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін ерекше атқарады, ұлттық валюта барша мемлекеттер мен халықтар үшін өте ыңғайлы және экономикалық негізі бар қаржы құралы. Теңге - бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны болып табылады. Осыған орай 2025 жылдың  12 мен 17 қараша аралығында «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «15 қараша – Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект, цифрлық экономика және цифрлық тенге» атты тақырыбында  апталық іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараға  6В04103 – «Экономика», 6В04101 – «Есеп және аудит», 6В04102 – «Қаржы», 6В04105 – «Мемлекеттік жергілікті басқару»,  7М04101 – «Экономика», 7М04105 – «Мемлекеттік жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша студенттері мен магистранттары, «Экономика және құқық» факультетінің деканы, «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі және профессорлық-оқытушылар құрамы мен жұмыс берушілер қатысты.  Іс-шара барысында оқу ордамыздың бітіруші  түлектерін жұмыспен қамтамассыз етуші жұмыс берушілер «Alatau Сity Bank»  бас мамандарымен - Расул Сымбат Мусағалиқызы, Өтетілеу Мөлдір Ғабитқызы, Сатыбалды Дания  Даниярқызы ««Alatau Сity Bank» өнімдермен ұсынатын қызметтері»» атты семинар  өткізілді. Цифрлық теңге қолма - қол және қолма-қолсыз ақшалардың орнын ауыстыруға бағытталмаған, ол қолданыста қатар жүре береді. Цифрлық теңге қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырады, инновациялық қаржы өнімдерін жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін еселейді, сондай-ақ трансшекаралық төлемдерде шығынды азайтады. Осыған орай .“Жасанды интеллект - Цифрлық валюта” атты тақырыбында креативтік дөңгелек үстел өткіздік, студенттер мен магистранттар баяндамаларын ұсынды: 
1.    6В04103 - «Экономика»  блім беру бағдарламасының 1 курс  студенті қазақ тобы ИЭ-25-1к   – Жаңашева Айша  – «Цифрлық кеңестіктегі электрондық төлем жүйелері және оларды қаупсіздігін арттыру  жолдары» тақырыбында баяндамасын ұсынды, ғылыми жетекші – Темирова Жаннат Жамбуловна.
2.    6В04101 - «Есеп және аудит» блім беру бағдарламасының 1 курс  студенті қазақ тобы ИЭ-25-2к   – БайболАида, Үшкемпір Асылай – «Ұлттық валюта – ел тәуелсіздігінің символы тақырыбында баяндамасын ұсынды, ғылыми жетекшісі – Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна.
3.    6В04101 - «Есеп және аудит» блім беру бағдарламасының 1 курс  студенті орыс тобы ИЭ-25-2р  – Мырсағатов Нурсултан – «Национальная валюта» тақырыбында Наурызбекова Альмара Еркиновна.
4.    6В04101 - «Есеп және аудит» блім беру бағдарламасының 1 курс  студенті орыс тобы ИЭ-25-2р  – Мырсағатов Нурсултан – «Национальная валюта» тақырыбында Наурызбекова Альмара Еркиновна
5.    6В04102 - «Қаржы» блім беру бағдарламасының 1 курс  студенті қазақ тобы ИЭ-25-3к  Каусар Жаппарова – «Ұлттық валюта - төл теңге» тақырыбында Сапарбаева Эльмира Абтихаймовна.
6.    6В04105 - «Мемлекеттік жергілікті басқару» блім беру бағдарламасының 1 курс  студенті қазақ тобы ИЭ-25-4к  Рысбек Гульсезім – «Қазақстан тенгесі» тақырыбында Оразова Бибигуль Балтабаевна.
7.    7М04101 - «Экономика»  блім беру бағдарламасының 1 курс  магистранттары МИЭ-25-1к   – Давлетов Бағлан  Сарсенбаевич – «Ұлттық валюта тарихын ғылыми-зерттеу әдістерін пайдалану және дамыту» тақырыбында баяндамасын ұсынды, ғылыми жетекші – Туралина Светлана Мерекеевна.
 
8.    7М04105 – «Мемлекеттік жергілікті басқару» 1 курс  магистранттары МИЭ-25-1к   – Әділханов Саят Ренатұлы – «Ұлттық валюта-қорғаныс элементтерін зерттеу объектісі ретінде» тақырыбында баяндамасын ұсынды, ғылыми жетекші – Бакиров Ержан Амангельдыұлы.
14 қарашада іс-шараның жабу салтанаты  болды және қатысқан студенттерді, ғылыми жетекшілерді және жұмыс берушілерді  дипломдармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
 
17 қараша күні барлық іс-шараға белсенді қатысқаны  үшін студенттер мен магистранттарды алғыс хаттармен және кубокпен «Ең үздік қабырға газеті»- ИЭФ-25-2р тобын,  «Ең үздік креативтік команда» - ИЭФ-25-1к тобын, «Ең үздік  баяндама» - ИЭФ-25-2к тобтары номинациялар бойынша марапатталды. Білім алушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!