КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
background

КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

2025-10-02

Mediathek / News / КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Tashenev University-де ректор, профессор Қанат Сейтжанұлы Байболовтың төрағалығымен кеңейтілген Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Жиынға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлім басшылары, проректорлар мен профессор-оқытушылар қатысты.
Кеңесте жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралып, университеттің алдағы даму жолдары айқындалды. Әсіресе, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамалары, Ғылыми кеңес пен Директорлар кеңесінің стратегиялық шешімдері және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптары негізге алынды.
📌 Мәжілісте қаралған негізгі бағыттар:
Университеттің 2025–2026 оқу жылына арналған мақсаттары мен даму стратегиясы;
Білім беру бағдарламаларын сапалы оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету;
Қабылдау науқанының қорытындылары және бакалавриат пен магистратураға түскен студенттер саны;
Жаңа оқу жылындағы кәсіби бағдар жұмыстарының жоспары;
Ұжым мен студент жастарға ортақ рухани және тәрбиелік міндеттер.
🗣 Ректор Қанат Байболов:
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында білім мен ғылымды ұлттық дамудың стратегиялық тірегі ретінде атап келеді. Біздің университеттің әрбір шешімі осы бағытқа сай болуы тиіс. Жоғары білім беру сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді тереңдету және жастарды елжандылыққа тәрбиелеу – алдымызда тұрған басты міндет. Ғылыми кеңестің бүгінгі отырысы – осы үлкен мақсаттарға жетудің нақты жолдарын талқылауға мүмкіндік берді».
🗣 Сондай-ақ ректор университет ұжымының жауапкершілігіне тоқталды:
«Біздің алдымызда тұрған міндет – тек кәсіби мамандар даярлау емес, сонымен қатар елдің болашағын ойлайтын, қоғамға үлес қоса алатын азамат қалыптастыру. Министрлік пен Директорлар кеңесінің талаптарын орындап қана қоймай, оларды шығармашылықпен жүзеге асыруымыз қажет. Университеттің табысы – әрбір кафедраның, әрбір оқытушының еңбегіне байланысты».
Жиын барысында нақты ұсыныстар айтылып, оқу процесін жетілдіру, студенттердің ғылыми әлеуетін көтеру, оқу-әдістемелік базаны жаңғырту және кәсіби бағдар жұмыстарын кеңейту бағытында шешімдер қабылданды.
📖 Мәжіліс қорытындысында ректор университет ұжымын елдің білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсене атсалысуға шақырды.