
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ЖАҢА МАРАПАТ!
2025-10-02
Кеше Tashenev University-де ректор, Ғылыми кеңес төрағасы Қанат Байболовтың жетекшілігімен өткен кеңейтілген кеңесте қуанышты оқиға орын алды. Академиялық мобильділік орталығының жетекшісі, PhD докторы Шахло Джамаловна Наралиева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен және ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапаттар – Шахло Джамаловнаның Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтуға, қоғамдағы достық пен татулық дәстүрін дамытуға және әлеуметтік-рухани құндылықтарды дәріптеуге қосқан зор үлесінің мемлекет тарапынан мойындалғанының айқын көрінісі.

«Біздің университетіміз әрдайым ел бірлігі мен рухани тұтастықты басты құндылық ретінде бағалайды. Шахло Джамаловнаның еңбегі – жастарды достыққа, ынтымақ пен өзара құрметке тәрбиелеудің нақты үлгісі. Бұл марапат – бүкіл Tashenev University қауымдастығы үшін үлкен мақтаныш».

«Бұл марапат – менің ғана емес, ұжымымыздың бірлескен еңбегінің жемісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдің тұрақтылығы мен дамуының тірегі. Осы құндылықтарды дәріптеу жолында еңбек ету – үлкен жауапкершілік әрі мәртебе».
