 
        УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ЖАҢА МАРАПАТ!
2025-10-02
Кеше Tashenev University-де ректор, Ғылыми кеңес төрағасы Қанат Байболовтың жетекшілігімен өткен кеңейтілген кеңесте қуанышты оқиға орын алды. Академиялық мобильділік орталығының жетекшісі, PhD докторы Шахло Джамаловна Наралиева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен және ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапаттар – Шахло Джамаловнаның Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтуға, қоғамдағы достық пен татулық дәстүрін дамытуға және әлеуметтік-рухани құндылықтарды дәріптеуге қосқан зор үлесінің мемлекет тарапынан мойындалғанының айқын көрінісі.
 Ректор Қанат Байболов:
 Ректор Қанат Байболов:«Біздің университетіміз әрдайым ел бірлігі мен рухани тұтастықты басты құндылық ретінде бағалайды. Шахло Джамаловнаның еңбегі – жастарды достыққа, ынтымақ пен өзара құрметке тәрбиелеудің нақты үлгісі. Бұл марапат – бүкіл Tashenev University қауымдастығы үшін үлкен мақтаныш».
 Шахло Наралиева:
 Шахло Наралиева:«Бұл марапат – менің ғана емес, ұжымымыздың бірлескен еңбегінің жемісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдің тұрақтылығы мен дамуының тірегі. Осы құндылықтарды дәріптеу жолында еңбек ету – үлкен жауапкершілік әрі мәртебе».
 Tashenev University ұжымы атынан Шахло Джамаловнаны шын жүректен құттықтап, болашақта да еліміздің бірлігі мен рухани дамуына зор үлес қоса беруге тілектеспіз!
 Tashenev University ұжымы атынан Шахло Джамаловнаны шын жүректен құттықтап, болашақта да еліміздің бірлігі мен рухани дамуына зор үлес қоса беруге тілектеспіз!
