Tashenev
background

2025-08-27


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ұлттық Ғылыми Кеңесінің 2025 жылғы 22 шілдедегі шешімімен "Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті атынан берілген АР 26197519 " Жасанды интеллект негізінде шет тілін оқытудағы цифрлық технологиялар мен геймификацияны интеграциялау: тілдік құзыреттіліктің жаңа көкжиектері" атты ғылыми жобаны "Елдің зияткерлік әлеуеті" ғылымды дамытудың басым бағыты бойынша гранттық қаржыландыру мақұлданды

Өтінім беріліп отырған мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы: Білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелері

Жобаның жоспарланған басталу және аяқталу мерзімі, ұзақтығы (аймен):

30.07.2025- 01.11.2027

Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіне сұралған гранттық қаржыландыру сомасы: 61 734 671 теңге, оның ішінде:

·  2025 ж. – 23 379 088 теңге

·  2026 ж. – 19 110 309 теңге

·  2027 ж. – 19 245 274 теңге

 

2. Жобаның мақсаты

Зерттеудің мақсаты – жасанды интеллект пен геймификацияны шет тілдерін оқыту үдерісіне біріктіру мүмкіндіктерін айқындау арқылы білім алушылардың тілдік құзыреттілік деңгейін арттыру. Сонымен қатар, оқытуды әрбір білім алушының жеке қажеттіліктеріне бейімдеуге, оқыту процесіне белсенді қатысуын жандандыруға және интерактивті әрі ойын тәсілдерін қолдану арқылы мотивациясын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа модельдерді зерттеу және әзірлеу.

3. Жобаның міндеттері

Жоба мақсатына қол жеткізу және ұсынылған гипотезаны тексеру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

1.         Шет тілдерін оқытуда цифрлық технологиялар мен геймификация элементтерін қолдануға арналған қолданыстағы әдістемелер мен тәсілдерді зерттеу;

2.         Жеке дараланған оқытуға бағытталған, тіл үйрену процесіне жасанды интеллектті біріктірудің теориялық-әдістемелік негізін әзірлеу;

3.         Студенттердің тілдік құзыреттілігін қалыптастыру және бағалау мақсатында жасанды интеллект пен геймификацияға негізделген интерактивті білім беру платформасын әзірлеу және сынақтан өткізу;

4.         Жасалған модельдің тиімділігін дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстыра отырып, эксперименттік зерттеу жүргізу;

5.         Білім беру үдерісіне жасанды интеллект пен ойын элементтерін табысты енгізуге қажетті педагогикалық шарттарды анықтау;

6.         Цифрлық технологиялар мен геймификацияның білім алушылардың мотивациясына, оқу процесіне тартылуына және тілдік дайындық деңгейіне әсерін бағалау.

 

Ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша зерттеу тобының құрамы

Жобаның ғылыми жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер – Артықбаева Фазила Ілмарқызы, PhD, «Ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі

Орындаушы, аға ғылыми қызметкер – Арзымбетова Шолпан Жақсылықовны, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы, «Болашақ» бағдарламасының жеңімпазы

Орындаушы, аға ғылыми қызметкер – Турсынова Гулдар Исмайловна, аға оқытушы

Орындаушы, ғылыми қызметкер – Мирзахмедова Жаннат Жаулановна, «Ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы

Орындаушы, ғылыми қызметкер – Юсупова Гузаль Таджихановна, «Ағылшын тілі» кафедрасының аға оқытушысы