Ақпараттық білім беру орталығы
- 1 view
Тастыбаева Райхан Кошқарбайқызы
Ақпараттық білім беру орталығының меңгерушісі
✆ Телефон: +7 775 627 5277
✉ E-mail: library@tashenev.edu.kz
? Ақпараттық-білім беру орталығы ұйымдастырған іс-шаралар
Орталық қызметкерлері
Кульшиманова Сандугаш Жаксыбековна - АББО жоғары білікті маманы
Абытова Ұлбосын Уразовна - АББО жоғары білікті маманы
- Орталық туралы
-
Ж.А. Тәшенев университетінің ақпараттық білім беру орталығы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оқу процесін оқулық әдебиеттермен, ақпараттармен қамтамасыз етеді, сонымен қатар мәдениетті, рухани және интеллектуалды білімді тарату орталығы болып саналады.
Заман талаптарына сәйкес, АББО ғылым мен білім беруде электрондық ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етуді белсенді түрде дамытады және барлық пайдаланушыларға қажетті материалдарды іздеуде оңай табуына және олармен ыңғайлы жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Мақсаты: Студенттерге, магистранттарға, ғылыми қызметкерлерге, оқытушылар құрамына және басқа да пайдаланушыларға ақпаратты жедел тауып беруде қызмет көрсетеді. Қорларға кең қол жетімділік жасау негізінде толық және жедел кітапхана, ақпараттық және электрондық қолдау.
Қызметі: Пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Қолданушыларға қолда бар әдебиеттер туралы, оның ішінде жаңа сатып алулар туралы жедел ақпараттандыру мақсатында ақпараттық іс-шаралар жиынтығын өткізеді. Кітапхананың электронды жеткізгіштердегі анықтамалық-іздестіру аппаратын қорды көп қырлы ашып көрсету мақсатында орналастырады.
Бөлімнің құрылымы: білім беру орталығы кең ашық оқу залдарымен, абонементпен, мерзімді басылымдарға арналған оқу залымен, ең жаңа компьютерлермен, электронды ресурстармен және басқа да қажетті құжаттармен жабдықталған .Ақапараттық білім беру орталығының қалыптасуы мен оның өсуі жоғары оқу орнымыздың тарихымен және дамуымен тығыз байланысты.
Кітапхананың тарихындағы бірінші кезеңі 1998 жылы Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің ашылуынан басталып, 2022 жылдың 10 қарашасынан «Жұмабек Ахметұлы Тәшенев» атындағы унверситеті болды. Оқу орнымызда студенттердің контингентінің және кітап қорының ұлғаюы мен кітапхана ұжымының көбеюіне байланысты, мәдени жұмыстарды жүргізе отырып 1998 жылдан бастап кітапханасы қалыптасқаннан бері, жұмысын жалғастырып келуде. Университеттің құрылымдық бөлімі ретінде көп салалы өзінің кітап қорымен оқу-іздену үрдісінде пайдалануға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуші орталық болып табылады. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесін, соның ішінде жоғары білім берудің оқу-іздену үрдісінде жаңа талаптарды қажет етеді. Кітапхана қызметін пайдаланушылардың сұраныстары жоғары, олардың талап-тілектерін орындау, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру заман талабы.Жұмабек Тәшенев атындағы университеті – жоғары білікті маман жалпы елге және аймаққа қажетті жаңа тұрпатты мұғалімдерді дайындау, ХХІ ғасыр талаптарына жауап беретін, халықаралық деңгейде танылатын жоғары білікті мамандар даярлау, оқыту сапасын арттырудың бірден-бір жолы озық білім беру мен оқытудың инновациялық технологияларын ендіру, шетелдермен интеграциялық байланыста болу және т.б. бағыттарда атқарып жатқан жұмыстары көп. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі ретінде – өзінің әмбебап, көп салалы, дәстүрлі кітаптар және электронды ресурстарымен тұтынушылардың оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерін қамтамасыз етуші Ақпараттық білім беру орталығы зор үлесін қосуда.
Қазіргі таңда ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, оған деген сұраныстың да еселей түскендігі белгілі. Сондықтан ақпараттық білім беру орталығы қызметінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы, оның сапалығы мен нәтижелігі тек өзінің ғана болашағын емес, сонымен қатар университеттің де болашағын анықтайды. - Орталық құрылымы
-
Университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі ретінде, өзінің бірегей және көпсалалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат, құжаттармен қамтамасыз етуші зерделі, мәдени қарым-қатынас, білім беру орталығы болып саналады.
АББО 4 бөлімнен тұрады 3 қызметкер профессор-оқытушылар құрамына, магистранттар мен студенттерге қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда 3 оқу залы, 1 абонемент пайдаланушыларға қызмет көрсетіп келеді. Барлық оқу залдарында қорларға ашық қолжетімділік ұйымдастырылған:
1. Оқу залы
2. Мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар залы
3. Электронды оқу залы
4. АбонементҚұжаттарды жинақтау және есепке алу бөлімі. Кітаптың оқырманға және оқырманды кітапқа апаратын жол осы бөлімнен басталады. Қазіргі кезде кітап қорын толықтыруда әсіресе мемлекеттік тілдегі кітаптарға аса зор көңіл бөлінуде. Еліміздегі жоғары оқу орындарын оқулықтармен, сапалы әрі мазмұнды кітаптармен қамтамасыз ету, кітапхана қорының сапалы жинақталуы, қорды тапшы әдебиеттермен толықтыру күн тәртібіндегі басты мәселе. Бөлімнің негізгі мақсаты кітапхана қорын университеттің ғылыми ізденістері мен оқу пәндерінің профиліне сәйкес түрлі толықтыру көздерімен және де кафедра референттерімен тығыз байланыста толықтырып отыру. Кітапхана өз қорын қосымша толықтыру көздерімен: университет баспасы мен қайырымдылық қорының сыйлықтары, кітап алмасу, мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету арқылы жинақтайды.
Кітап қоры – оқулықтар, оқу құралдары мен ғылыми, оқу-әдістемелік құжаттар және электрондық тасымалдағыштар ресурстарымен қамтамасыз етілген. Жыл сайын жаңа оқулық әдебиеттер мен жаңа атаудағы мерзімді басылымдар алынып тұрады.
Құжаттарды ғылыми өңдеу және жүйелеу бөлімі. Бөлімнің негізгі қызметі анықтамалық іздестіру аппаратында кітапхана қорын толық көрсету болып табылады. Қорға түскен жаңа әдебиеттер мен басқа да құжаттарды ғылыми жүйелеу, каталогтандыру, техникалық өңдеу жұмыстарын дәстүрлі және автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырады.
Кітапхананың каталогын ұйымдастырып, өңдеп, каталог, картатекалармен жұмыс істеу барысында әдістемелік басшылық көрсетеді.Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Өзіндік ерекшеліктеріне қарай кітапханада бес оқу залы, оның ішінде мерзімді басылымдар оқу залы, электронды оқу залы қызмет көрсетеді. Негізгі қызметтері оқу үрдісін әдебиеттермен қамтамасыз етіп, оқырмандарға сапалы да, жылдам қызмет көрсету болып табылады. Пайдаланушыларға қосалқы және арнайы қоры арқылы отандық кітап, журналдар, шетел әдебиеттері, экономикалық педагогикалық, психологиялық және құқықтық әдебиеттер мен құжаттардың арнайы түрлерімен қызмет көрсетеді.
Оқулықтар мен көркем әдебиеттер абонементінде оқырмандарға семестрлік оқулық комплектісін даярлап, олардың тапсырысы бойынша қажетті оқулықтармен қамтамасыз етеді. Абонемент қазақ, орыс және шетел классиктері мен замандастарымыздың көркем әдебиеттері қорымен танымал.
Жаңа оқу жылында біз алдымызға жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктер қойдық. Университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттеріне цифрлы технологиялар негізінде ақпараттық қызметтің сапалы жаңа жүйесін құруға дайынбыз.
Оқу залы жұмысының маңызды принципі жылдамдық және дәлдік, мұнда оқытушылар мен студенттер кітап қорының барлық түрін пайдалануға мүмкіндігі бар. Оқу залының ашық қор негізіндегі көркемдігі мен жайлылығы шығармашылық жұмыспен айналысуға қолайлы жағдай туғызады. Сіздерге көптеген әлем тілдеріндегі оқу құралдары мен сөздіктерін, шет тіліндегі мерзімді басылымдарын (ағылшын, неміс, өзбек, түрік, француз), сыйға тартылған аса құнды шетелдік әдебиеттер топтамасын ұсына алады. Әмбебап және салалық энциклопедиялық қор пайдаланушылар тілегін толық қанағаттандырып, студенттердің ерекше ілтипатына бөленуде.
Мерзімді басылымдар оқу залы. Оқу-іздену үрдісінде оқу бағдарламаларында негізгі оқулықтармен қатар, қосымша құрал ретінде мерзімді басылымдарды пайдаланғандықтан, профильді газет-журналдарға жазылу ұйымдастырылаған. Күнделікті түсетін Отандық газет-журналдары өңделіп, «Мерзімді баслымдар» электронды каталогына тіркеліп отырады. Ең өзекті және жедел ақпаратты біздің оқырмандарымыз газет-журнал беттерінен таба алады. Мерзімді басылымдар барлық оқу бағдарламалары бойынша жинақталған.
Университеттің өзіндік электронды кітапханасы бар. https://lib.tashenev.edu.kz/
Электронды оқу залы – электронды құжаттар бүгінгі күні ақпараттық ресурстардың ажырамас бөлігі болып отыр. Білікті мамандар пайдаланушыларға электрондық пошта, электронды каталог, интернет жүйесінде кеңес беріп, жедел, сапалы қызмет көрсетуде. университет профессор-оқытушылар құрамының еңбектері, электронды оқулықтар, арнайы оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер жинағы, мәліметтер базасы (мультимедиялық энциклопедиялар, сөздіктер) жинақталады.
Заман талабына сай ғылым мен білім беру үрдісін дамытуда, АББО электронды ақпараттық ресурстарды қолдау көрсету жүйесін белсенді түрде атқаруда, барлық оқырмандарға қажетті материалдарды іздеп табу үшін және олардың жұмысына жайлы жағдай жасалу үшін белсенді қызмет атқарып келеді. Университеттің интернетке қосылуы аясында кітапхананың жергілікті компьютерлік желісі құрылған, пайдаланушыларға арналған электронды оқу залы бар.
Ақпарат кеңістігін кеңейту арқылы жаңа компьютерлік технологиялар мен қызметтер енгізіліп, ол жетілдіріліп отырады, кітапхананың негізгі кітапханалық үрдістерін автоматтандырудың бағдарламалары жасалып, техникамен жабдықталған, электрондық каталогтардың мәліметтер базасы құрылып, «КАБИС» бағдарламасымен жұмыс жүргізілуде. Бұл электронды каталогтардың білімгерлердің оқу-іздену үрдісінде тигізетін үлесі зор, өйткені ол кітапхана қорындағы бар құжаттар туралы мәліметті жедел алуға, тақырып бойынша керекті оқулықтардың тізімін іріктеуге, жаңа түскен кітаптар мен газет-журналдарда жарияланған мақалалар туралы мәліметті жылдам тауып алуға мүмкіндік береді және оқырманның уақытын үнемдейді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда университет білім алушылары, оқытушылар мен қызметкерлері үшін электронды оқу залының қызметін пайдаланумен қатар, интернетті тегін пайдалану, отандық электрондық кітапханалардың қорын кең көлемде және еркін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Ол жоғары оқу орындары Ассоциациясының Республикалық ЖООА Электронды Кітапханасымен келісім-шарт жасалған, оқу үрдісіне қажетті ақпараттарды алуға, олардың кітап қорын толық пайдалануына да қолайлы жағдай жасалған. Университетіміздің Web-сайты арқылы кітапхананың электронды каталогтар дерекқорына кіру, ақпараттық ресурстарын, РЖОО аралық электронды кітапханасын (РМЭБ) пайдалануға мүмкіндік бар. Электронды оқу залдарында арнайы компьютерлер орнатылып, интернетке кіру мүмкіндігі тегін.
Деректер базасымен келісім-шарттар түзу негізгі оқылатын бағдарламалар шеңберінде университет оқытушы-профессорлары, доктаранттары, магистранттары мен студенттері үшін ең соңғы әдебиеттерді ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық нұсқадағы, сандық тасымалдағыштағы материалдарды студенттердің өз сұранысы негізінде жеке электронды пошталарына жіберу мүмкіндіктері жасалған. Жылдан-жылға заман талабына сай электрондық оқулықтарға сұраныстың көбеюіне байланысты, электрондық кітаптардың қоры да ұлғаюда.
Көпшілік тәрбие жұмысы. Ақпараттық білім беру орталығы университеттің тәрбие жұмысының маңызды бөлігі, рухани мәдениет пен білім беру орталығы. АББО-да әдеби-сазды кештер, ақын-жазушылармен кездесулер, конференциялар, пікір-сайыстар, жаңа кітаптардың тұсау кесер рәсімі өткізіліп тұрады.
АББО қызметкерлері кәсіби мамандық жетілдіру курстарында білімін шыңдап, кеңестер, тренингтер, дөңгелек үстелдер, іскер ойындар, конференцияларға қатысып тұрады. Университет ұйымдастырған жарыстарға, бағдарламалар мен жобаларға, іс-шараларға белсене қатысады. Кітапхана қызметкерлерінің іскерлігі өз нәтижесін беріп, олар біліктілігін арттыру жолында. АББО университеттің маңызды мәдени, ғылыми тіршілік орталығы болып саналады, бұл кітапхана қызметкерлерінің 20 жылдан астам өз ісіне берілгендігі мен барлық күш-жігерін, шығармашылық өнерін аянбай еңбектенуінің жемісі.
Заман талабына сай оқырмандардың талап-тілегін орындай отырып, жаңа ақпараттар, технологияларға байланысты бай кітап қорын жинақтап, оқырмандар сұраныстарын мол сеніммен қанағататтандыру кітапханашылардың алға қойған басты мақсаты болып саналады.
- Құжаттар
-
? «Zan» онлайн деректер базасына қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы келісім (01.11.2022)
? Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасымен ынтымақтастық келісімі, 03.02.2021.
? Отчет о деятельности Республиканской межвузовской электронной библиотеки за 2021 год
- Ресурстар
-
Электрондық кітапхана ресурстарына сілтемелер:
1. Университеттің электронды кітапханасының сайты: https://lib.tashenev.edu.kz/
2. Оқу-әдістемелік кешендер: http://192.168.0.21:280/CDO/Sillabus/
3. Оқу басылымдары: http://192.168.0.21:280/CDO/BOOKS/
4. Өздігінен оқуға арналған нұсқаулық: http://192.168.0.21:280/CDO/OBSOJ/
5. Тесттер жинағы: http://192.168.0.21:280/CDO/Test/
6. Студенттер мен оқытушылардың ғылыми жұмыстары: http://192.168.0.21:280/CDO/Mak/Кітапхана бөлімі туралы бейнеролик: https://youtu.be/WikN0ektjlU
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет