
Оқу ісі департаменті
Академиялық мәселелер департаменті

Оралбекова Алия Құрбанқызы
Академиялық мәселелер департаментінің директоры
Дәрежесі
PhD докторы, доцент м.а.
Телефон
8702-293-60-00
Email
academ@tashenev.edu.kz
Бөлімдер:
- Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі
- Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі
- Мансап және жұмыспен қамту орталығы
Департаменттің негізгі мақсаты – білім беру үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бағалау және оқу-әдістемелік қолдау көрсету.
- Университеттің академиялық саясатын әзірлеу және іске асыру бойынша факультеттер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
- Университеттің білім беру бағдарламаларының сапасы мен тұрақты орталықтандырылуын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен бағалауға мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз етеді.
- Кадрлық әлеуетті қалыптастыру және дамытуға қатысады.
- Пәндерді оқыту мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі әдістерін әзірлейді.
- Кәсіби практиканы ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша факультеттердің қызметін үйлестіреді.
- Академиялық мәселелер бойынша алқалы органдар, комиссиялар және факультеттердің авторлық ұжымдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
- Республикалық деңгейдегі алқалы органдарда, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауда университеттің ұстанымын білдіреді.
- Оқу үдерісін ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.
- Оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді.
- Білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында академиялық және цифрлық инновацияларды оқу үдерісіне енгізуді ұйымдастырады.
- Оқу-әдістемелік мәселелер бойынша консультациялық көмек ұйымдастырады.