ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ МАДРИДТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!
background

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ МАДРИДТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

2026-05-06

Медиатека / Новости / ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ МАДРИДТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ МАДРИДТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ!
Испания астанасы Мадрид қаласында өткен ITF (International Tennis Federation) W15 MADRID 2026 Tennis Tournament халықаралық турнирінде Тәшенев университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің ФК24-1к8 тобының студенті Дүйсебай Іңкәр Тимурқызы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды!
Бұл жетістік – студенттің кәсіби дайындығының, еңбекқорлығы мен табандылығының нәтижесі. Халықаралық деңгейдегі жарыста топ жару – үлкен тәжірибе әрі жоғары спорттық көрсеткіш.
Іңкәрдің бұл жеңісі – университет беделін арттыратын және жастарды үлкен жетістіктерге ұмтылуға шабыттандыратын маңызды нәтиже.
🏆 Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыс тілейміз!