Мамыт Амангелді Алтыбайұлы

Аты-жөні: Мамыт Амангелді Алтыбайұлы

 

Мамыт Амангелді Алтыбайұлы 1965 жылдың 10 тамызында ОҚО Мақтаарал ауданында туған. 1982 жылы Шардара ауданы «Восход» орта мектебін бітірген.
      Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқып,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы біліктілігін иеленген (1990); филология ғылымдарының кандидаты (1998).             
    Қызмет орындары:   Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы (1990-1999) Қазақ тілі каферасының оқытушы, аға оқытушы, қосымша «Шипагер» облыстық денсаулық газетінің редакторы;
   М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (1999-2005) Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы,  доценті, кафедра меңгерушісі;
    Қазақстан Халықтар достығы университеті (2005-2007) Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі;
    Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (2007-2008) Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті;
    Аймақтық әлеуметтік-иновациялық университеті (2008-2012) Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі;
    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2012 жылдан Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті қазіргі күнге дейін.
      Жарық көрген еңбектері:  
1.Kazakistan’da Yapılmış Kutadgu Bilig Çalışmalarının Kronolojik Kaynakçası Hakkında Bir Deneme. Milli Folklor 16 (2020 ): 
2. Ұлттық шешендік өнер тарихы. Оқу-әдістемелік құрал. «Әлем» баспасы, Шымкент 2018 ж.
3. Рухани қазына. Монография. «Әлем» баспасы. Шымкент, 2020.
4. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық. «Эверо» баспасы. Алматы, 2022. 
     Марапаттары:  «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында ғылыми жобалардың республикалық байқауы. І-орын дипломы. Астана, 2017 жыл, 24 қараша;  ОҚМПУ-дің 80 жылдығы төсбелгісі, 2017 жыл, 7 мамыр.