«TURAN FEST» II халықаралық байқауының жеңімпазы Көркем білім (IP) білім беру бағдарламасының ПИК-25-1к1 тобының студенті Айтқали Мубарак Сарсенбекқызы
2026-03-30
Өнер мен шығармашылықтың тоғысқан тұсында талантымен танылып жүрген, Көркем білім (IP) білім беру бағдарламасының ПИК-25-1к1 тобының студенті Айтқали Мубарак Сарсенбекқызы тағы бір биік белесті бағындырды. Ол магистр аға оқытушы Елшенов Мухаметкаримнің жетекшілігімен «TURAN FEST» II халықаралық байқауына қатысып, өз өнерінің жоғары деңгейін көрсете білді. Байқау барысында Айтқали Мубарак Сарсенбекқызы ҚӨЛӨНЕР жанры бойынша 17–22 жас ерекшелігі санатында үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. Бұл жетістік – студенттің табандылығы мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби қолдауының айқын дәлелі. Халықаралық деңгейдегі додада топ жарып, жүлделі орынға ие болуы – оқу орнымыз үшін үлкен мақтаныш. Оның өнерге деген сүйіспеншілігі мен тынымсыз еңбегі алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетелейді деп сенеміз. Айтқали Мубарак Сарсенбекқызына шығармашылық табыс, толағай жеңістер мен биік белестер тілейміз!


