TASHENEV AI LAB ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
2026-03-26
2026 жылғы 26 наурызда Шымкент қаласында Tashenev University базасында жаңа буын Tashenev AI Lab жасанды интеллект зертханасы ресми түрде ашылды.
Аумағы 300 шаршы метрді құрайтын зертхана – білім беру мен технологияны біріктірген заманауи экожүйе. Бұл бастама цифрлық трансформация дәуіріндегі өзекті сұраныстарға жауап беріп, студенттерге тәжірибеге негізделген білім алуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова арнайы қатысып, зертхананың жұмысымен жеке танысты.
«Мен Tashenev AI Lab зертханасының ашылуына арнайы келіп, оның мүмкіндіктерімен таныстым. Мұндай бастамалар жоғары білім беру жүйесінде практикалық дағдыларды дамытуға және жасанды интеллект бағытында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға үлкен серпін береді», – деді Динара Щеглова.
Зертхана құрамына:
• гуманоид-роботтар және компьютерлік көру жүйелері
• дрон-футбол және дрон логистикасы
• голограммалар мен AI-агенттер
• Big Data және ситуациялық аналитика орталығы
• VR-зертхана және AI-тьютор
• 3D-прототиптеу орталығы
«Біз жай ғана зертхана емес, студенттер технология жасаушыға айналатын экожүйе қалыптастырып отырмыз. Негізгі мақсатымыз – цифрлық экономика талаптарына сай мамандар даярлау», – деді университеттің басқарма төрағасы Оңалбай Аяшев.
Tashenev AI Lab студенттердің бағдарламалау, жасанды интеллект, деректер талдауы және инженерлік ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Зертхана туралы алдынғы видеороликте көре аласыздар!







