“Әлем тілдері” кафедрасының оқытушысы Қаблан Айсара Даниярқызы ФИ-24-9к10 тобының студенттерімен бірге А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен
2026-03-17
“Әлем тілдері” кафедрасының оқытушысы Қаблан Айсара Даниярқызы ФИ-24-9к10 тобының студенттерімен бірге А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жазушы Медеу Сәрсекеев – публицист» атты танымдық әдеби кешке қатысты.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту және қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығын насихаттау болды. Кеш барысында қатысушылар жазушы, публицист Медеу Сәрсекеевтің өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мазмұнды мәліметтер алып, оның әдеби мұрасының ұлттық мәдениеттегі маңызына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар студенттер әдеби шығармалардан үзінділер тыңдап, пікір алмасып, танымдық сұхбатқа белсенді қатысты. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға ықпал етеді.


