ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ: ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТИ ӨКІЛІ ШЫРШЫҚТА ӨТКЕН ІС-ШАРАДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
2026-03-17
24 қазан 2025 жылы Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласындағы Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жаңа Өзбекстанда филологиялық білім берудің өзекті мәселелері, шешімдері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияны Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі мен Мектепке дейінгі және мектептік білім министрлігі ұйымдастырды. Іс-шараға Түркия, Қазақстан және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары қатысты.
Қазақстан атынан конференция жұмысына Tashenеv University (Шымкент) атынан ф.ғ.к., PhD докторы Шахло Наралиева қатысып, «Заманауи тілтанымдағы эколингвистика ғылым ретінде: тілге экологиялық көзқарас» тақырыбында баяндама жасады.
«Тіл – қоғамның экологиялық жүйесінің ажырамас бөлігі. Сондықтан қазіргі заманғы тілтаным ғылымында эколингвистикалық тәсілдің рөлі артып келеді. Бұл бағыт тілдің табиғи дамуын, оның әлеуметтік және мәдени ортамен байланысын терең түсінуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ш.Наралиева өз сөзінде.
Конференция барысында қатысушылар тіл, әдебиет және мәдениет салаларындағы өзекті ғылыми бағыттарды талқылап, түркі және әлемдік филология ғылымындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастырды.




