САМАРҚАНДТАҒЫ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ: ҒЫЛЫМИ ПІКІРТАЛАСТАРДАН ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІНЕ ДЕЙІН
background

САМАРҚАНДТАҒЫ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ: ҒЫЛЫМИ ПІКІРТАЛАСТАРДАН ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІНЕ ДЕЙІН

2026-03-17

Медиатека / Жаңалықтар / САМАРҚАНДТАҒЫ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ: ҒЫЛЫМИ ПІКІРТАЛАСТАРДАН ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІНЕ ДЕЙІН

Жұмабек Тәшенев атындағы Университет делегациясының Самарқандқа сапары белсенді халықаралық серіктестіктің жарқын үлгісі болды. Профессорлар Ботабаева Ж.Н., Л.У.Абенова, Ш.Д.Наралиева және Г.Р. Жұмабаева «Махмудқожа Бехбудидің мәдени мұрасы» атты халықаралық конференцияға қатысып қана қоймай, шетелдік әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

Сапар аясында біздің оқытушыларымыз жергілікті студенттер үшін қонақ дәрістерін өткізді. Дәріс тақырыптары әлем тілдерін зерттеудегі заманауи тәсілдер мен мәдени мұраны сақтау мәселелерін қамтыды. Сапардың түйіні ретінде конференция ұйымдастырушыларына салтанатты түрде естелік сыйлық табысталды. Бұл шара университетіміздің халықаралық деңгейдегі беделін нығайта түсті