Рух пен дәстүр салтанаты: Әлем тілдері институтындағы «Беташар»
background

Рух пен дәстүр салтанаты: Әлем тілдері институтындағы «Беташар»

2026-03-16

Медиатека / Жаңалықтар / Рух пен дәстүр салтанаты: Әлем тілдері институтындағы «Беташар»

Рух пен дәстүр салтанаты: Әлем тілдері институтындағы «Беташар»

«Наурызнама» онкүндігі аясында Жұмабек Ахметұлы Ташенев университетінің Әлем тілдері институтында 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Университет басшылығы мен ұжымы қатысқан бұл кеш ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың озық үлгісіне айналды.

Іс-шараның басты ерекшелігі — оның ерекше эстетикасы мен креативті форматында болды. Зал іші қазақы нақышпен, заманауи талғаммен безендіріліп, табалдырықтан аттаған сәттен бастап ұлттық салттың иісі аңқып, қонақтарды бірден өткен мен бүгіннің үйлесім тапқан мекеніне жетеледі.

Бұл күні Әлем тілдері институтының ФИ-25-2р тобының 1-курс студенттері нағыз шеберлік пен ұлтжандылық танытты. Олар халықтың асыл мұрасы — «Беташар» салтын сахналап қана қоймай, оның терең мағынасын, ата-бабамыздың болмысы мен мәдениетін көрермен жүрегіне жеткізуге барынша тырысты. Студенттердің шынайылығы мен дайындығы арқасында әрбір көрермен ұлттық кодтың маңыздылығын сезініп, қазақ дәстүрінің сұлулығына тағы бір мәрте тәнті болды.

Бұл кеш — біздің жастарымыздың өз тамырынан ажырамай, мәдениетімізді заманауи биікте дәріптей алатынын дәлелдеген эстетикалық әрі рухани мереке болды.