АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 14 СТУДЕНТІ ӨзҰУ-ДА БІЛІМ АЛУДА
background

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 14 СТУДЕНТІ ӨзҰУ-ДА БІЛІМ АЛУДА

2025-09-10

Медиатека / Жаңалықтар / АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 14 СТУДЕНТІ ӨзҰУ-ДА БІЛІМ АЛУДА

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 14 СТУДЕНТІ ӨзҰУ-ДА БІЛІМ АЛУДА

 

Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті (ӨзҰУ) мен Жұмабек Тәшенев атындағы университет арасындағы стратегиялық серіктестік қарқынды дамуда. Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында екі оқу орны арасындағы байланыстар жаңа белеске көтерілді.

2025-2026 оқу жылының күзгі семестрінде Тәшенев университетінің 14 студенті ӨзҰУ-ға оқуға жіберілді. Студенттер бір семестр бойы Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орнында өз мамандықтары бойынша білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтайды. Бұл бастама екі бауырлас елдің білім ордалары арасындағы достық байланыстар мен ғылыми ықпалдастықты нығайтуға бағытталған.