АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: СТУДЕНТТЕРІМІЗ ТАШКЕНТТІҢ ЖЕТЕКШІ ЖОО-ЛАРЫНДА БІЛІМ АЛУДА
2025-01-30
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: СТУДЕНТТЕРІМІЗ ТАШКЕНТТІҢ ЖЕТЕКШІ ЖОО-ЛАРЫНДА БІЛІМ АЛУДА
Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің студенттері халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білімдерін шыңдауда.
2024 жылдың 2 қыркүйегі мен 2025 жылдың 30 қаңтары аралығында «6В01702 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының студенті Азиза Тораева және «6В01704 – Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының студенттері Диёна Бабаханова, Гулноза Розакулова, Дилноза Гультораева, Дилдора Атажанова, Фарангиз Мухамедамин Ташкент қаласындағы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті мен Алфраганус университетінде білім алуда.
Дәрістерді көршілес елдің жетекші ғалымдары мен педагогтары жүргізеді. Студенттеріміз жаңа академиялық ортаға бейімделіп, қабылдаушы оқу орындарының оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуда. Студенттерімізге сәттілік пен кәсіби тәжірибе тілейміз




