ӨЗБЕК ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!
background

ӨЗБЕК ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

2023-12-22

Медиатека / Жаңалықтар / ӨЗБЕК ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

2023 жылдың 22 желтоқсанында Жұмабек Тәшенев атындағы университетте тарихи оқиға орын алды. Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институтымен (ӘМПИ) арадағы ынтымақтастық аясында университетіміздің базасында «Өзбек тілі мен мәдениеті орталығы» салтанатты түрде ашылды.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі мемлекеттері арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы ұсыныстарымен толық үндеседі. Орталықты жабдықтау жұмыстарын әндіжандық серіктестеріміз толықтай өз мойнына алып, бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына үлкен үлес қосты.

Салтанатты шара университеттің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Жиынға ӘМПИ ректоры, профессор Бахтияр Расулов бастаған делегация, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы мен Ә. Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ғалымдары қатысты. Екі ел арасындағы алтын көпірге айналған орталық алдағы уақытта «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша білім алушылардың басты ғылыми-мәдени ошағы болмақ.