ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАСТАҒАН ТАРИХИ ҚАДАМ: ТАШКЕНТТЕГІ МЕМОРАНДУМ
background

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАСТАҒАН ТАРИХИ ҚАДАМ: ТАШКЕНТТЕГІ МЕМОРАНДУМ

2022-11-29

Медиатека / Жаңалықтар / ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАСТАҒАН ТАРИХИ ҚАДАМ: ТАШКЕНТТЕГІ МЕМОРАНДУМ

2022 жылғы 29 қарашада Ташкент қаласындағы Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясында «Ұлттық құндылықтар интеграциясы: би өнеріне баулу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бұл іс-шараның тарихи маңызы — Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы мен Жұмабек Тәшенев атындағы университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бұл қадам екі оқу орны арасындағы байланысты ғана емес, екі бауырлас халықтың достығын нығайтуға жол ашты.