ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМУДА: ТАШКЕНТ ПЕН САМАРҚАНД САПАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
2022-12-17
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМУДА: ТАШКЕНТ ПЕН САМАРҚАНД САПАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
2022 жылдың 16-17 желтоқсанында Жұмабек Тәшенев атындағы университет делегациясы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барып, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа көжиектерін ашты.
Сапар аясында Ташкент мемлекеттік химия-технологиялық институтымен және Самарқанд мемлекеттік шет тілдері институтымен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер студенттер мен профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Сондай-ақ, Самарқанд мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларымен, атап айтқанда белгілі ғалым, ф.ғ.д. Сүйін Каримовпен кездесу өтті. Келіссөздер нәтижесінде «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау» мамандығы үшін бірлескен оқу кешендерін дайындау туралы шешім қабылданды. Сапардың сәтті өтуіне Қазақстанның Өзбекстандағы «Достық елшісі», ф.ғ.д. Хулкар Хамроева үлкен үлес қосты.












