ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН САБАҚТАСТЫҚ – ТИІМДІ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖОЛ
background

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН САБАҚТАСТЫҚ – ТИІМДІ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖОЛ

2022-10-25

Медиатека / Жаңалықтар / ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН САБАҚТАСТЫҚ – ТИІМДІ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖОЛ

2022 жылдың 25 қарашасында Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті жанындағы желілік орталықтың ұйымдастыруымен халықаралық вебинар өтті. Іс-шара аясында Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің Халықаралық байланыстар департаментінің директоры, PhD доктор Шахло Наралиева «Жалпы орта білім және жоғары білім: ынтымақтастық, сабақтастық мәселелері (Қазақстан тәжірибесі)» тақырыбында баяндама жасап, Өзбекстанның жоғары оқу орындарының профессор-оқытушыларымен өз тәжірибесін бөлісті.

Вебинар барысында ана тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қатысушылар білім беру сапасын арттыру және оқу-тәрбие үрдісін заманауи талаптарға сай ұйымдастыру бойынша пікір алмасып, мұндай кездесулерді болашақта ашық диалог форматында жалғастыруға ниет білдірді.