ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢІСТІГІ ЖАЛҒАСУДА!
2022-10-14
2022 жылдың 14-16 қараша күндері Наманган мемлекеттік университетінде ұлы ақын Усман Насырдың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Өзбекстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстанның белгілі ғалымдары қатысты.
Конференция барысында Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің Халықаралық байланыстар департаментінің директоры, PhD доктор Шахло Наралиева сөз сөйлеп, Қазақстандағы өзбек тілінде оқытатын мектептердің оқу бағдарламасында Усман Насыр мұрасының алатын орны туралы тәжірибе бөлісті. Сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы Хулкар Хамроеваның ақын шығармашылығын зерттеудегі тың пікірлері жоғары бағаланды.
Іс-шараның маңызды сәті — Жұмабек Тәшенев атындағы университет пен Наманган мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылуы болды. Бұл құжат екі оқу орны арасындағы академиялық ұтқырлық пен ғылыми байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.






