ҮРГЕНЧ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ
2023-05-22
Медиатека / Жаңалықтар / ҮРГЕНЧ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ
2023 жылдың 22 мамырында Хорезм облысындағы (Өзбекстан) Үргеніш мемлекеттік университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Tashenev University мен ҮрМУ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Салтанатты шараға университетіміздің Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Шахло Наралиева қатысты.
Меморандум аясында академиялық ұтқырлықты дамыту, қос дипломды білім беру жобаларын іске асыру және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланған. Құжат оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттердің тәжірибе алмасуына, бірлескен оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялар әзірлеуге жол ашады. Бұл серіктестік екі елдің жоғары білікті мамандарын даярлау ісіне жаңа серпін бермек


