ТҮРКИЯДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ФЫРАТ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
2025-02-25
Медиатека / Жаңалықтар / ТҮРКИЯДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ФЫРАТ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
2025 жылдың ақпан айының соңында Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің делегациясы Түркияның Элазыг қаласындағы Фырат университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтті.
Сапар аясында студенттеріміз бір академиялық семестр бойы білім алып, түрік жоғары оқу орнының оқу үдерісіне толықтай енді. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, заманауи оқыту әдістемелерін меңгеру және бірлескен ғылыми жобаларды талқылау бағытында белсенді жұмыс атқарды.
Мұндай кешенді іс-шаралар университетіміздің халықаралық деңгейін көтеріп, бауырлас елдер арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайта түсед







