БЕТпе-БЕТ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
2024-01-05
2024 жылдың басы Жұмабек Тәшенев атындағы университет үшін халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белестерімен басталды. Білім беру сапасын арттыру мен ғылымды дамытудағы өзара тәжірибе алмасу — екі ел арасындағы серіктестіктің басты жемісі.
2024 жылдың 5 қаңтарында Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Аталған жиында Тәшенев университетінің PhD докторы Ш.Наралиева «Ана тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын дамытудағы эссенің рөлі» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Семинар барысында эссе жазу әдістемесі мен заманауи педагогикалық тәсілдер талқыланып, қатысушы профессор-оқытушылар құрамы арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Сонымен қатар, семинарда Ташкенттік әріптесіміз, п.ғ.к., доцент Турсуной Юсупова «Ана тілін оқытудағы заманауи тәсілдер» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Мұндай бетпе-бет кездесулер ғылыми байланыстарды нығайтып, сапалы білім берудің жаңа жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.





