ҚАЗАҚСТАН - ҮНДІСТАН: ҒЫЛЫМИ-МӘДЕНИ-ӘДЕБИ СЕРІКТЕСТІК
2024-10-27
Жұмабек Тәшенев атындағы университет әлемдік жетекші оқу орындарымен байланысты нығайтуды жалғастыруда. Соның бір айғағы — халықаралық QS рейтингісінде 521-орынды иеленген Делидегі Жавахарлал Неру (Jawaharlal Nehru) университетімен серіктестік.
2024 жылдың 26-29 қараша күндері Неру университеті және «Jamia Millia Islamia» университетінің ұйымдастыруымен «Доро Шукух: мәдени жаңару және діни төзімділік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында университетіміздің өкілі, PhD доктор Шахло Наралиева баяндама жасап, қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, сапар аясында филология факультеті мен Орталық Азия ғылыми-зерттеу орталығының студенттеріне арналған «Шеберлік сабақтары» ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында Неру университетінің II ректоры, профессор Дипендра Натх Дас және Орталық Азия орталығының жетекшісі, профессор Ахлак Ахмед Аханмен кездесу өтті. Тараптар бірлескен семинарлар мен мәдени байқаулар өткізу арқылы достық пен ғылыми байланысты нығайтуға уағдаласты.








