ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НӘТИЖЕЛІ ҚАДАМДАРЫ
background

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НӘТИЖЕЛІ ҚАДАМДАРЫ

Медиатека / Жаңалықтар / ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НӘТИЖЕЛІ ҚАДАМДАРЫ

2023 жылдың 22 қазан күні Жұмабек Тәшенев атындағы университетіне Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының ректоры, профессор Шухрат Махмутович Тохтасимов пен Өзбекстандағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық елшісі», ф.ғ.д., профессор Х. Хамроева іссапармен келді.

Сапар аясында екі жоғары оқу орны арасындағы меморандум шеңберінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға университет ректоры Қ. Байболов бастаған басшылық құрам, кафедра меңгерушілері және ҚР ӨЭМБ «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И. Хашимжанов қатысты. Кездесуде өнер, музыка және хореография салалары бойынша екіжақты келіссөздер жүргізіліп, болашақ жоспарлар бекітілді.

Профессор Ш. Тохтасимов «Өнер және саз» кафедрасының ұжымы мен студенттеріне арнап шеберлік сағатын өткізсе, профессор Х. Хамроева «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының студенттеріне «Әлішер Науаидың шығармашылық мұрасы және ана тілі» тақырыбында қонақ дәрісін оқыды. Дәріс соңында белсенді студенттерге кітаптар жинағы сыйға тартылды.

Бұл кездесулер университет қауымдастығы үшін тәжірибе алмасудың бірегей алаңына айналды. Достық пен ынтымақтастық қарым-қатынас нығая берсін!