ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМДАРЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
background

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМДАРЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

2024-09-15

Медиатека / Жаңалықтар / ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМДАРЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

2024 жылдың қыркүйек айында Жұмабек Тәшенев атындағы университеті жанындағы Біліктілікті арттыру институты мен Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті жанындағы желілік орталық арасындағы бірлескен оқу бағдарламасы өз жұмысын бастады.

Осы бағдарлама аясында Тәшенев университетінің PhD докторы Шахло Наралиева 14-18 қыркүйек аралығында Ташкенттегі жоғары оқу орындарының «Өзбек тілі мен әдебиеті» бағытындағы профессор-оқытушылар құрамына арнайы дәріс оқып, кәсіби тәжірибе алмасты. Бұл қадам университетіміздің ғалымдары тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық деңгейде біліктілік арттыру курстарының сарапшысы ретінде танылып отырғанын дәлелдейді.