ҒЫЛЫМ, БІЛІМ, ӨНЕР ҰШТАСҚАНДА: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АУҚЫМДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРА
2023-11-18
2023 жылдың 18 қарашасында Шымкент қаласында Жұмабек Тәшенев атындағы университет Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясымен және «Дустлик» өзбек этно-мәдени бірлестіктері қауымдастығымен бірлесіп, «Ғылым, білім, өнер интеграциясы: перспективалық жобалар» атты халықаралық конференция өткізді.
Жиын барысында Түркия (Селжук университеті), Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдің жетекші ғалымдары мазмұнды баяндамалар жасады. Конференция жұмысы «ОФАРИН-2023» халықаралық ән мен би фестиваліне ұласып, оның аясында атақты «Лазги» би байқауы ұйымдастырылды.
Қуанышты жаңалық — байқаудың Бас жүлдесін (ГРАН-ПРИ) Тәшенев университетінің «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1-курс студенті Дилдора Атажанова жеңіп алды! Бұл жеңіс университетіміздің 25 жылдық мерейтойына үлкен тарту болды.




