ӨЗБЕКСТАН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІН ӨТКІЗДІ
background

ӨЗБЕКСТАН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІН ӨТКІЗДІ

2025-10-29

Медиатека / Жаңалықтар / ӨЗБЕКСТАН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІН ӨТКІЗДІ

2025 жылдың 29 қазан – 2 қараша күндері аралығында Жұмабек Тәшенев атындағы университетте шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің өкілдері қонақта болды.

Белгілі филолог ғалымдар — профессор, ф.ғ.д. Раъно Сайфуллаева мен доцент, ф.ғ.к. Алишер Убайдуллаев студенттер мен оқытушылар құрамына қонақ дәрістерін оқып, өздерінің ғылыми және педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл сапар екі университет арасындағы академиялық сабақтастықты одан әрі нығайтып, филология бағытындағы заманауи зерттеулерді талқылауға мүмкіндік берді.