СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ТАШКЕНТТЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ
Медиатека / Жаңалықтар / СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ТАШКЕНТТЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ
2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінде білім алды.
Семестр бойы студенттеріміз Өзбекстанның жетекші филолог ғалымдарынан дәріс алып, бай рухани және ғылыми тәжірибе жинақтап қайтты. Бұл бағдарлама екі университет арасындағы академиялық байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби деңгейін халықаралық талаптарға сай арттыруға мүмкіндік берді.



