ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ САПАРЫ
background

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ САПАРЫ

2025-12-10

Медиатека / Жаңалықтар / ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ САПАРЫ

2025 жылдың 10–14 желтоқсаны аралығында Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университеті мен Тәшенев университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриатқа қабылданған студенттердің сапары өтті.

Сапар барысында студенттер университет тынысымен, оқу процесімен және бірлескен бағдарламаның мүмкіндіктерімен жақыннан танысты. Қонақтарды Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Д.Холмуродова мен Инновациялық педагогика бірлескен білім беру жоғары мектебінің деканы О.Исмоилов қарсы алып, қатысушыларды оқу жылының сәтті басталуымен құттықтады.

Сонымен қатар, ф.ғ.д., профессор И.Йулдашев 1-курс студенттеріне өзбек тілінің тарихи дамуы туралы дәріс оқыды. Бұл мамандық ана тілінің мәртебесін арттыруда және жастардың рухани тәрбиесін нығайтуда ерекше маңызға ие.