Ташенев университетінде оқу үдерісінің сапасы бақылауға алынды
background

Ташенев университетінде оқу үдерісінің сапасы бақылауға алынды

2026-03-10

Медиатека / Жаңалықтар / Ташенев университетінде оқу үдерісінің сапасы бақылауға алынды

Ташенев университетінде оқу үдерісінің сапасы бақылауға алынды

Ташенев университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Байнеева Парида Тұрғынбаевна мен Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нурмаганбетова Жулдыз Анварбековна «Әлем тілдері» институтына арнайы келіп, бірінші курс студенттерінің сабаққа қатысу деңгейімен және оқу үдерісінің сапасымен танысты.

Сапар барысында проректор оқу аудиторияларын аралап, студенттердің сабаққа қатысуы, білім алу белсенділігі және оқытушылардың сабақ өткізу әдістемелерімен танысты. Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру, студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуы және оқу тәртібін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында білім сапасын көтеру, студенттердің оқу мотивациясын арттыру және оқу үдерісін жетілдіру бағытында пікір алмасу жүргізілді.