«Физикадан есептер шығаруда компьютерлік модельдерді пайдаланудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
2026-01-29
Медиатека / Жаңалықтар / «Физикадан есептер шығаруда компьютерлік модельдерді пайдаланудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
«Математика және физика» кафедрасының магистр, аға оқытушысы А.С. Арысбаева 29.01.2026ж. күні, сағат 10:00-де №204 аудиториясында «Физикадан есептер шығаруда компьютерлік модельдерді пайдаланудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
Баяндама барысында физикадан есептер шығаруда компьютерлік модельдерді пайдалану – оқытудың тиімді әрі заманауи әдістері қарастырылды. Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың логикалық ойлауын, талдау және зерттеу дағдыларын дамытады. Сондықтан компьютерлік модельдер физиканы оқытуда маңызды құралдардың бірі болып табылатындығын нақты мысалдар арқылы көрсете білді.


