Академиялық ұтқырлық – жаңа мүмкіндіктерге жол!
background

Академиялық ұтқырлық – жаңа мүмкіндіктерге жол!

2026-02-02

Медиатека / Жаңалықтар / Академиялық ұтқырлық – жаңа мүмкіндіктерге жол!

«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында серіктес жоғары оқу орындарымен нәтижелі ынтымақтастық орнатып, екіжақты келісімшарттар негізінде жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл – білім сапасын арттыруға, тәжірибе алмасуға және студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылының 4-семестрінде ФИ-24-4к тобының 2-курс студенттері Луиза Байшувакова мен Зебо Нурмахан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті-не білімдерін жалғастыру үшін жолданды.

Білім алушылар серіктес университетте кәсіби пәндер бойынша білімдерін тереңдетіп қана қоймай, тәжірибелік дағдыларын дамытып, жаңа академиялық ортада тәжірибе жинақтауда. Бұл мүмкіндік олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына, заманауи кітапхана ісінің қыр-сырын меңгеруіне және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыруына зор ықпал етеді.

Академиялық ұтқырлық – білім кеңістігін кеңейтетін, жаңа ортада шыңдалуға мүмкіндік беретін маңызды бағдарлама.
Студенттерімізге сәттілік тілейміз және алар асуларыңыз биік болсын демекпіз!