АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ — ДОСТЫҚ ПЕН БІЛІМ КӨПІРІ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ӨЗҰУ-ДЕ!
Жұмабек Тәшенев атындағы университет пен Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті (ӨзҰУ) арасындағы ғылыми ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Ағымдағы жылдың ақпан айында басталған өзара сапарлардың жалғасы ретінде, Тәшенев университетінің 12 студенті бір семестр бойы ӨзҰУ Журналистика және өзбек филологиясы факультетінде білім алу үшін Ташкентке келді.
Делегацияны Академиялық ұтқырлық орталығының басшысы Шахло Наралиева бастап барды. Бұл бағдарлама екі жоғары оқу орны арасындағы достық байланыстарды нығайтып, студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға қызмет етеді.
«Біздің мақсатымыз — студенттерімізге халықаралық тәжірибе беру және ғылыми байланыстарды нығайту».
— Шахло Наралиева, Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің Акакдемиялық ұтқырлық орталығының басшысы, PhD доктор.
