МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ДӘНЕКЕРІ
background

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ДӘНЕКЕРІ

2025-05-16

Медиатека / Жаңалықтар / МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ДӘНЕКЕРІ

16 мамыр күні Шымкент қаласы ҚХА «Достық үйі» ғимаратында ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы Жұмабек Тәшенев атындағы университетпен бірлесе Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілханов пен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев бірлесе бекіткен 2024 жылғы 02 қыркүйектегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясының шешімін іске асыру бойынша Жол картасына сәйкес «Мемлекеттік тіл – халықтар достығының дәнекері» атты кезектегі республикалық байқауын өткізді.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету және халықтар достығының басты құралы ретінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатын көздеген бұл байқауда Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Сайрам, Сауран, Келес, Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт аудандары және Түркістан қаласы және Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты мектептерден, сонымен қатар, Тараз қаласынан 1 үміткер қатысып, өз білімдерін көрсетіп, сайысқа түсті. 

Мемлекеттік тілде жоғары білім, біліктілігін, қабілеттерін паш еткен үміткерлер жоғары нәтижені көрсетіп, диплом, мадақтама және құнды сыйлықтармен марапатталды.