Ашық сабақ
2024-05-15
2024 жылғы 15 мамыр күні сағат 13:00-де 6B01509 – География-Тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының ЕП-22-4к тобына т.ғ.м., аға оқытушы Турумбетова Г.А. «Этнология» пәні бойынша «Орта Азия халықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізді
Ашық сабақтың мақсаты – білім алушыларға Орта Азия аймағындағы халықтардың этникалық құрамы, тарихи қалыптасу кезеңдері, мәдениеті мен дәстүрлері туралы жан-жақты білім беру және этномәдени үдерістерді ғылыми тұрғыда талдау дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында Орта Азия халықтарының этногенезі, тілдік ерекшеліктері, материалдық және рухани мәдениеті, шаруашылық түрлері мен салт-дәстүрлері қарастырылды. Білім алушылар топтық жұмыстар арқылы этнографиялық материалдарға талдау жасап, халықтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырмалы түрде сипаттады.
Оқытушы заманауи педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістерді тиімді қолданып, теориялық білімді тәжірибелік тапсырмалармен ұштастырды. Сабақ барысында белсенді пікір алмасу ұйымдастырылып, білім алушылардың зерттеушілік және талдау қабілеттері дамытылды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Іс-шара болашақ география және тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды тәжірибелік алаң болды.
