Білім беру бағдарламасына тұрақты қабылдау кәсіби бағдар беру жұмыстары арқылы жүзеге асырылады
background

Білім беру бағдарламасына тұрақты қабылдау кәсіби бағдар беру жұмыстары арқылы жүзеге асырылады

2026-02-20

Медиатека / Жаңалықтар / Білім беру бағдарламасына тұрақты қабылдау кәсіби бағдар беру жұмыстары арқылы жүзеге асырылады

Білім беру бағдарламасына тұрақты қабылдау кәсіби бағдар беру жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта Шымкент қаласы мен Түркістан облысы аудандарындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен тұрақты кездесулер өткізіліп, болашақ мамандардың кәсіби қызығушылығын арттыруға, мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру ісіне ерекше назар аударылуда.

2025 жылғы 17 қазанда Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Ұрбұлақ ауылын дағы «Ұрбұлақ» атындағы жалпы білім беретін мектебінің бітіруші түлектері университетімізге арнайы келді. Кездесу мектептің кәсіптік білім беру педагогы Н.Сарманов және сынып жетекшісі Г.Муслимова жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара аясында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушы Н.Ж.Айткулова және оқытушысы К.Ж.Кәрібай талапкерлерге білім беру бағдарламасының мазмұны, оқу үдерісінің ерекшеліктері, академиялық мүмкіндіктері мен болашақ кәсіби даму перспективалары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, мамандықтың қоғамдағы маңыздылығы, педагог-психологтың кәсіби құзыреттіліктері және еңбек нарығындағы сұранысы кеңінен түсіндірілді.

ҰБТ тапсыру кезеңінде де кәсіби бағдар беру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Қаңтар–ақпан айлары аралығында мектеп түлектеріне университеттің білім беру мүмкіндіктері, оқу шарттары мен студенттік өмірі туралы кеңінен таныстырылымдар ұйымдастырылып, қосымша ақпараттық-насихаттау шаралары жүргізілді.