Ж.А.Тәшенев университетінде «ІТ және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің Салалық кеңесі құрылды.
background

Ж.А.Тәшенев университетінде «ІТ және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің Салалық кеңесі құрылды.

2026-02-19

Медиатека / Жаңалықтар / Ж.А.Тәшенев университетінде «ІТ және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің Салалық кеңесі құрылды.

Білім беру сапасын арттыру, педагог кадрларды даярлау үдерісін жаңғырту және білім беру бағдарламаларын еңбек нарығы талаптарына сәйкестендіру мақсатында Ж.А.Тәшенев атындағы университеті жанынан «ІТ және жаратылыстану ғылымдары» факультетінде Салалық кеңес өз жұмысын жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Салалық кеңес – факультеттің білім беру бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Кеңес құрамына жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен пән мұғалімдері, педагогика саласының мамандары, химия және биология бағытындағы сарапшылар, сондай-ақ жұмыс беруші ұйымдардың өкілдері енген.

Кеңес жұмысы жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы академиялық сабақтастықты нығайтуға, болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру мазмұнын практикалық талаптарға бейімдеуге бағытталған.

Салалық кеңестің негізгі бағыттары:

  • педагогикалық, химия және биология білім беру бағдарламаларын сараптау және жаңарту;
  • кәсіби стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • пәндік және әдістемелік құзыреттерді жетілдіру;
  • педагогикалық және өндірістік практикалардың мазмұнын жетілдіру;
  • дуальды оқыту элементтерін дамыту;
  • түлектердің кәсіби бейімделуі мен жұмысқа орналасу көрсеткіштерін арттыру.

Кеңес отырыстарында білім беру бағдарламаларының құрылымы, оқу нәтижелері, пәндер мазмұны және мектеп тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланып, нақты ұсынымдар қабылданады. Қабылданған шешімдер факультеттің оқу-әдістемелік қызметіне енгізіліп, сапаны қамтамасыз ету жүйесінде жүзеге асырылады. Ж.А.Тәшенев атындағы университеті Салалық кеңес қызметі арқылы әлеуметтік серіктестікті дамыту, білім беру бағдарламаларының тәжірибелік бағыттылығын күшейту және заманауи педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.