«Факторлық талдау»: нәтижеге бағытталған кәсіби практикум
2026-02-19
Медиатека / Жаңалықтар / «Факторлық талдау»: нәтижеге бағытталған кәсіби практикум
19.02.2026 ж. «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Гүлсезім Жасанқызы 6В04101 – «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3 курс, ИЭФ-23-2к топ студенттерімен «Факторлық талдау» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер факторлық талдаудың теориялық негіздерін қайталап, нәтижелік көрсеткіштерге әсер ететін факторларды анықтау және олардың ықпалын сандық бағалау әдістерін тәжірибелік есептер арқылы талдады. Тізбекті ауыстыру, айырма әдісі сияқты тәсілдер қолданылып, нақты мысалдар негізінде есептеулер жүргізілді.



