Астана қаласының Полиция департаменті өкілі студенттермен кездесу өткізді.
background

Астана қаласының Полиция департаменті өкілі студенттермен кездесу өткізді.

2026-02-18

Медиатека / Жаңалықтар / Астана қаласының Полиция департаменті өкілі студенттермен кездесу өткізді.

     14.02.2026 күні, 412  дәрісханада, 3-4 курс  6В04201-Құқықтану студенттері арасында, «Құқық» кафедрасының  аға оқытушысы К.М. Уйсынбаева мен аға оқытушы М.Т. Сатыбалдиеваның ұйымдастыруымен Астана қаласының полиция Департаменті өкілі Асылхан Жүзбаевпен  кездесу  өткізілді.

       Астана қаласы Патрульдік полиция полкі бос орындарға үміткерлерді қабылдау мақсатында студенттермен кездесу өткізіп, қолжетімді қызметтер туралы толық ақпарат берді. Кездесу барысында үміткерлерге қойылатын талаптар мен ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер кеңінен түсіндірілді