«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» пәнінен ашық сабақ өтті

2024-03-20

Медиатека / Жаңалықтар / «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: Куракбаева Севара
Тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау құралдары

2024 жылғы 20 наурыз күні Куракбаева Севара ИЭФ-22-11к тобына «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша «Компьютерлік вирустардан қорғау құралдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аталған сабақтың мақсаты – студенттердің компьютерлік вирустардың құрылымы мен жұмыс принциптерін түсіну, ақпараттық қауіпсіздік құралдарын қолдану және практикалық дағдыларын дамыту болды.

Сабақ барысында оқытушы вирустардан қорғаудың негізгі түрлері, антивирустық бағдарламалар және олардың қолдану әдістерін жүйелі түрде түсіндірді. Студенттер практикалық тапсырмалар арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін, вирустарды анықтау және алдын алу әдістерін меңгерді. Теориялық материал практикалық элементтермен ұштастырылып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Студенттер белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби даярлығын нығайтуға ықпал етті.