«Java тілі» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Java тілі» пәнінен ашық сабақ өтті

2024-03-14

Медиатека / Жаңалықтар / «Java тілі» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: Калбаева Айжан
Тақырыбы: Бағдарламалау тілдерінің семантикалық анализ технологиясы

2024 жылғы 18 наурыз күні Калбаева Айжан ИЭФ-21-10к тобына «Java тілі» пәні бойынша «Бағдарламалау тілдерінің семантикалық анализ технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аталған сабақтың мақсаты – студенттердің бағдарламалау тілдерінің семантикалық құрылымы мен талдау технологияларын түсіну, бағдарламаларды талдау және қателерді анықтау дағдыларын қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқытушы семантикалық анализдің негізгі әдістерін, алгоритмдерін және бағдарламаларды талдау процесін жүйелі түрде түсіндірді. Студенттер практикалық тапсырмалар арқылы кодты талдау, қателерді табу және түзету әдістерін меңгерді. Теориялық материал практикалық элементтермен ұштастырылып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Студенттер белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби даярлығын нығайтуға ықпал етті.