«Компьютерлік графика және анимация» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Компьютерлік графика және анимация» пәнінен ашық сабақ өтті

Медиатека / Жаңалықтар / «Компьютерлік графика және анимация» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: Кенжебаева Улжан
Тақырыбы: Фракталдар. Алгебралық фракталдар. Стохастикалық фракталдар

 

2023 жылғы 9 қарашада аға оқытушы Кенжебаева Улжан ИЭФ-22-9р тобына «Компьютерлік графика және анимация» пәні бойынша «Фракталдар. Алгебралық фракталдар. Стохастикалық фракталдар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аталған сабақтың мақсаты – студенттердің компьютерлік графика саласындағы теориялық білімдерін тереңдету, фракталдардың құрылымы мен түрлерін түсіндіру, сондай-ақ практикалық дағдыларын дамыту болды.

Сабақ барысында оқытушы фракталдардың негізгі түрлері, олардың алгебралық және стохастикалық сипаттары, генерациялау әдістері мен визуализациясын жүйелі түрде түсіндірді. Студенттер практикалық тапсырмалар арқылы фракталдық құрылымдарды құру және анимациялау әдістерін меңгерді. Теориялық материал практикалық элементтермен ұштастырылып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Студенттер белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби даярлығын нығайтуға ықпал етті.