«Объектіге бағытталған программалау негіздері» пәнінен ашық сабақ өтті
2022-04-14
Оқытушы: Ботаева Сауле Байзаховна
Тақырып: Визуалды компоненттер қорының батырмалық типтері
2022 жылғы 18 қарашада т.ғ.к, доцент Ботаева Сауле Байзаховна ИЭФ-20-10к тобына «Объектіге бағытталған программалау негіздері» пәні бойынша «Визуалды компоненттер қорының батырмалық типтері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аталған сабақтың мақсаты - студенттердің объектіге бағытталған программалау бойынша теориялық білімдерін тереңдету, визуалды программалау ортасындағы батырмалық типтегі компоненттердің құрылымы мен қызметін жан-жақты меңгерту, сондай-ақ графикалық интерфейс элементтерін құру және оларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқытушы визуалды компоненттер қоры құрамындағы батырмалық типтердің негізгі түрлерін, олардың қасиеттерін, оқиғаларын және бағдарламалық қамтамасыз етуде қолданылу ерекшеліктерін жүйелі түрде түсіндірді. Компоненттердің пайдаланушы интерфейсіндегі рөлі, оларды баптау тәсілдері мен бағдарламалық кодпен байланысы нақты мысалдар арқылы талданды. Теориялық материал практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, студенттердің бағдарламалау барысында логикалық ойлау қабілетін дамытуға және кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Студенттер белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби даярлығын нығайтуға ықпал етті.